ОҚО: балмұздақтан уланғандар туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады

0
1 312

Көрсетілген науқастар арасында 3-уі аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Оның біреуі ересек адам, тағы біреуі жүкті әйел. Екеуі жасөспірім бала.


ОҚО: балмұздақтан уланғандар туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Шымкентте балмұздақтан уланған 39 адамның жағдайы тұрақты деп мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Алдын –ала анықталған дерек бойынша, науқастар қалалағы сауда нүктелердің бірінен балмұздақ сатып алып жеген. Олардың алғашқы легі Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 29 - 30 наурызы күндері аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Науқастар бірнеше рет тоқтамай құсу мен іш өтуге шағымданған. Бүгінгі уақытта олардыі қатары 39-ға жетті. Түскендердің 21-і ересек адамдар,11 бала 14 жасқа дейін және 7 жасөспірім (15 жастан 18 жасқа дейін). Бүгінгі күнге барлық науқастардың жағдайы тұрақты, оларға тиісті ем – дом көрсетілуде. Ауруханада төсек орындары жеткілікті", делінген хабарламада.

Көрсетілген науқастар арасында 3-уі аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Оның біреуі ересек адам, тағы біреуі жүкті әйел. Екеуі жасөспірім бала.