«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Мақтааралда 6 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

0
584

Мұндай өнегелі істер ерікті жастардың, мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен аудандағы 69 елді мекеннің барлығында өтті.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Мақтааралда 6 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданында жаппай сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданында жаппай сенбілік өтті.


Аудан әкімі Бақыт Асанов пен облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Қанаев Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының тұрғыны, 89 жастағы батыр ана Махсуда Сүлейменованың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл жастарымен бірге батыр ананың үй ауласында тазалық жұмыстарына атсалысты. Мұндай өнегелі істер ерікті жастардың, мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен аудандағы 69 елді мекеннің барлығында өтті.


Сенбілікте автожолдардың бойы жабайы шөптерден тазартылып, көшеттер егілді. Аялдамаларда әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билборд және жарықшам бағаналары әрленді. Жалпы сенбілікке 22 техника, 6 мыңнан аса адам жұмылдырылып, 32 тонна күл-қоқыс шығарылды. 120 шақырым автожолдың бойы, 3,5 шақырым ирригациялық жүйелердің бойы тазаланды.