Көгалды аумағында ағаш түптерін қопсытып, үй қоршауларын бояды.
Түркістан жастары «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында соғыс ардагерінің ауласын тазалап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы орталығының тұрғындары республикалық экоакцияның барлық апталығына белсенді қатысуда.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Түркістан қаласының жастары экошараны қолдап, түркістандық Ұлы Отан соғысының ардагері Немат Абдрасиловтың үйінде болды. Ақсақалдың бау-бақшасында көктемгі күтім жұмыстарын жасап, тазалық жүргізді. Көгалды аумағында ағаш түптерін қопсытып, үй қоршауларын бояды.
Ардагер жастармен сұхбат құрып, соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Аталық ақылын айтып, батасын берді. Сондай-ақ экоакцияның жүйелі өткізілуін қолдайтынын жеткізді.
Бұған дейін, тазалық акциясы басталғалы қалада 30-дан аса сенбілік өткізіліп, 500 тонна қоқыс жиналды. Жасыл желек аумағы ұлғайып, шаһар аумағы гүлдермен және ағаштармен толықты.