Жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар тарту етілді.
Түркістанда Түлкібас ауданының мәдени күндері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының мәдени күндері өтті. Түркістан қаласындағы Этноауылда ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында асық ату, бес асық, гір тасын көтеру, нысана дәлдеу, қазақша күрес, қол күрестен көрермендер мен спорт мектебінің мамандары арасында жарыстар ұйымдастырылды.
Жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар тарту етілді.