ОҚО әкімі оқу орындарында жаңа кафедра ашуды ұсынды

0
1 023

Біздің облыс халық саны жағынан Қазақстандағы бірінші орындағы аймақ. Демек, басқа өңірлерге қарағанда оңтүстікте медициналық көмекке жүгінетін азаматтардың қатары да аз емес деген сөз. Сондықтан да мемлекеттің қолдауымен өңірімізде бірқатар медициналық нысандар бой көтеруде. Ендігі жерде сіздер арқылы заманауи технологияны қолдана отырып, салауатты өмір салтын нығайта түссек дейміз


ОҚО әкімі оқу орындарында жаңа кафедра ашуды ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі, Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Олег Честнов және елдік кеңсенің ұлттық үйлестірушісі Салтанат Егеубаевамен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ bnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Басқосуда тараптар облыс халқының денсаулығы және әлеуметтік ахуалын, сондай-ақ халықаралық ұйыммен бірлесе атқарылатын шаруаларды талқылады.

Аймақ басшысы қонақтарға өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын таныстыра келе, халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

"Біздің облыс халық саны жағынан Қазақстандағы бірінші орындағы аймақ. Демек, басқа өңірлерге қарағанда оңтүстікте медициналық көмекке жүгінетін азаматтардың қатары да аз емес деген сөз. Сондықтан да мемлекеттің қолдауымен өңірімізде бірқатар медициналық нысандар бой көтеруде. Ендігі жерде сіздер арқылы заманауи технологияны қолдана отырып, салауатты өмір салтын нығайта түссек дейміз", – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі оқу орындарында ДДҰ кафедрасын ашуды және достастық орталығын ашуды ұсынды. Халықаралық ұйыммен байланысты нығайта отырып, денсаулық сақтау саласын жандандыру жолдарын айтты.Өз кезегінде Честнов та бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін айта келе, арнайы меморандум жасауды ұсынды.