Қазақстанда қоғамдық көлік жүргізушілерін жолаушылардан қорғау үшін арнайы кабина орнату мәселесі қаралып жатқан жоқ.
Фото: crimea.ria.ru
ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар тарапынан жүргізушілерге жасалған шабуылдарға байланысты автобус жүргізушілерін арнайы кабиналармен қорғауды сұраған депутат Асылбек Нұралиннің сауалына осылай жауап берген, деп жазады inbusiness.kz.
Мәжілісмен Асылбек Нұралин қоғамдық көлік жүргізушілеріне жасалатын шабуылдар қауіпті үрдіске айналып бара жатқанын, бұл оқиғалар тек жүргізушілердің ғана емес, жолаушылардың да қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтып сауал жолдаған еді.
– Сондықтан барлық тәуекелдерді ескере отырып, қоғамдық көлік ішіне жабық кабиналар мен бейнебақылау камераларын орнату бойынша міндетті шараларды қабылдау қажет, – деп санайды депутат.
Ал, Үкімет басшысының жауабы біреу, мұндай шаралар қылмыс деңгейі жоғары елдерге ғана қажет.