Ө.ШӨКЕЕВ: Ешбір тыйым бөгет болмай тұрған тойларды тоқтату керек

0
743

Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан 36765 нысан араланып, 5 194 карантин режимі талаптарының бұзушылықтары анықталған.


Ө.ШӨКЕЕВ: Ешбір тыйым бөгет болмай тұрған тойларды тоқтату керек

Түркістан облысында бүгінге дейін 500-ден астам тыйым салынған жиын, той өткен, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті апталық аппарат отырысында «Ешбір тыйым бөгет бола алмай тұрған той-томалақты тоқтату керек» - деді. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалған отырыста соңғы көрсеткіштер ортаға салынды. Одан белгілі болғандай, облыс аумағында отбасылық, мерекелік іс-шаралардың тоқтамай тұр. Бүгінгі күнге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген.

Осыған орай барлық аудан, қала әкімдері аймақ басшысының қатаң сынына ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қоданылмақ.

«Той-томалақ барлық аудандарда бар. Эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Тез арада тиісті шара қолданылсын», - деді Өмірзақ Естайұлы.

Соңғы 5 айда облыс бойынша жасақталған 119 мобилді топ құрамы және аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан 36765 нысан араланып, 5 194 карантин режимі талаптарының бұзушылықтары анықталған.