Бұл іске қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған бала оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД мәліметі бойынша, 16 мамырда Кентау аудандық ішкі істер бөліміне жедел жәрдем қызметінен кәмелеттік жасқа толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар келеді.
«Қалалық ішкі істер бөлімінің мамандары кезекші жүргізуші жүргізген Hyundai Starex маркалы жедел жәрдем қызметінің көлігі артқа қарай жылжыған кезде кәмелеттік жасқа толмаған баланы басып кеткенін анықтады. Соның салдарынан бала оқиға орнында көз жұмған», - дейді жергілікті полиция қызметкерлері.
Бұл іске қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.