Жәрмеңкенің мақсаты - жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру.
ERNUR.KZ. Шараға Отырар аудандағы 40-қа жуық қолөнер шеберлері мен қылқалам иелері қатысып, 500-ден аса туындыларын қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Отырар өңірінде көпғасырлық шежіресі бар шеберлер де аз болмаған. Олар: Тегіс ұста, Тегісұлы Арын, Сыздық Ұста, Сыздықұлы Надайымбек, Қалдаяқ ұста т.б. Бүгінде олардың қолынан шыққан бұйымдары көне жәдігер болып мұражайда сақталса, есімдері тарих беттерінде жазулы.Жәрмеңкенің мақсаты - жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру.
Сондай-ақ, Жәрмеңкеге қатысушылар өз туындыларын көпшілікке насихаттаумен қатар сатылымға шығара алады. Жыл сайынғы музейлер мерекесінде осы іс-шараны дәстүрге айналдыру арқылы өңірімізде атадан-балаға мирас болған ұлттық өнерді қайта жаңғырту болып табылады.
Шараға қатысушылар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің өткен тарихынан сыр шертетін «Отырар Эрмитажы» атты көрмесімен де танысты.