«Өз статусыңды біл!» атты ашық есік жарияланды

0
1 578

Халықтың ғасыр індеті туралы ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында өткен іс-шарада салауатты өмір салты насихатталды.


«Өз статусыңды біл!» атты ашық есік жарияланды

иллюстрациялық фото: vladmedicina.ru

7-желтоқсан күні Түркістан облысы, Жетісай қаласында «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес» күніне орай, бүкіләлемдік қауіпті індеттің алдын алу мәселелері бойынша халықтың ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында Жетісай аудандық орталық ауруханасында ашық есік жарияланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған бұл іс-шара Жетісай қаласы №1 бөлімшесінің медицина қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

«Өз статусыңды біл!», «АИТВ жұқпасына тексеріл!» деген тақырыптармен аталған ашық есік аясында Жетісай ауданының тұрғындары қан сараптамасынан, дәрігерлік тексеруден өтіп, денсаулықтары жөнінде статустарын білді.

Сонымен қатар, ашық есікке келгендер дүниежүзі халықтарын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе боп табылатын жүре пайда болатын иммундық тапшылығы синдромы және АИТВ жұқпасы туралы, иммундық тапшылық – бұл ағзаның әртүрлі жұқпаларға қарсы тұра алмайтын жағдайы екенін біліп, салауатты өмір салтын таңдайтындықтарын айтты. Дәрігер мамандар тұрғындарға денсаулықты сақтау, ұзақ өмір сүру жолдары жөнінде мол ақпарат берді.

Жетісай қаласы №1 бөлімшесінің қызметкерлері іс-шара барысында АИТВ статусын білуге келген тұрғындарға АИТВ/ЖИТС жұқпасының белгілері мен оның алдын алу шаралары жазылған парақшалар таратты.