Сала мамандары мен ғалымдар секциялық бөлімдерде тақырыпты жан-жақты талқылады.
Түркістан қаласында «Зайырлылық ұстанымы қалыптасқан мемлекеттің рухани бағытының жаңғыруы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған жиынның өтуіне Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і ұйытқы болды.
Конференцияны «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры А.Ноғаев жүргізіп отырды. Аталған конференция жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айнұр Құрманалиева, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Досай Кенжетай және Қызылорда облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Батырбек Убаев және өзге де дін саласының мамандары қатысып, «Зайырлылық ұстанымы қалыптасқан мемлекеттің рухани бағытының жаңғыруы» тақырыбында орамды ойларын ортаға салды.
Конференция жұмысы барысында сала мамандары мен ғалымдар секциялық бөлімдерде тақырыпты жан-жақты талқылады.