Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қ.Токушев облыстағы сапарының алғашқысын Түркістан Аграрлық колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесуден бастады. Кездесу барысында Қ.Токушев Жобалық кеңсенің оқу орындарында ашылуының негізгі мақсаты мен бағыттарын түсіндіріп берді.
"Еліміздің білім беру жүйесі арқылы жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті жалпыға ортақ қалыптастырудың ең үздік тәжірибесі екенін және одан бас тарту ортасын енгізу қажет. Сондай-ақ, Жобаны іске асырудың негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім беру ұйымдарының ашықтығы, академиялық адалдық, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және ақпараттық қолдауды айқындайды", – деп түсіндірді ол.
Іс-шара барысында Қайыржан Ахметбекұлы студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді және студенттер өз ойларымен бөлісті. Ал колледж директоры Гаухар Алпысбайқызы Агенттік тарапынан студенттерді қолдау бағытында жасалып жатқан игі бастамаларға ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды бірлесіп жүргізуге әрдайым дайын екенін жеткізді. Іс-шара әрі қарай аталған оқу орнында ашылған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің және Студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмыстарымен танысумен жалғасты.