Сарыағаштан грек жаңғағының 11 түрін табуға болады

0
2 932

Қазақстанда жаңғақ өнімі жеткіліксіз, яғни, бізге жылына 65 мың тонна жаңғақ өнімі қажет.


Сарыағаштан грек жаңғағының 11 түрін табуға болады

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында облыс көлеміндегі бағбаншылардың семинары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш жер сый» ЖШС-де «Грек жаңғағы плантациялардағы жүргізілетін күздік жұмыстар» тақырыбындағы ғылми практикалық семинар өтті. Семинарды мақсаты - жаңғақ өнімдерін жаңа түрлерін облысымызда өсіргу жағдай жасау, баптау әдістерін халыққа түсіндіру.

Қазақстанда жаңғақ өнімі жеткіліксіз, яғни, бізге жылына 65 мың тонна жаңғақ өнімі қажет. Ол үшін 500 мың гектар жаңғақ егілу қажет. Қазіргі таңда елімізде жаңғақтың 180 түрі өсіріледі. Ал «Сарыағаш жер сый» ЖШС грек жаңғағының 11 түрі өсіріліп, өнімін алуда. Грек жаңғағын көшетін алам деуші халық үшін 1000 тг-ден сатып жатыр. Көшет дақылы 4 жылда дайын өнім болады.

Семинардың қонағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, профессор а.ш.ғ.д. Олейченко Сергей Николаевич грек жаңғақ өсімдіктерін қысқы кезеңге дайындау туралы тәжібиесімен бөлісті. Семинарға қатысушы бағбандар өздерінің мазалап жүрген сұрақтарына нақты жауап алды.

«Сарыағаш жер сый» ЖШС бау-бақшасының көлемі қазіргі таңда 96 га, тамшылатып суғару бойынша 75 га құрап отыр. Онда 700 000 түп жүзім, 300 000 түп жеміс-жидек ағашы өсіріліп,жылдық табысы 80-100 млн. теңге болып отырған жайы бар. Соынмен қатар, 48 адам тұрақты жұмыс жасайды және 6 ғылыми инситут жұмыс жүргізеді. Соңғы үлгідегі технология арқасында 5 түрлі жемісті қақ түрінде өнім етіп шығаруда.