Сотталушы қылмысын жасыру үшін көршісінің үйінен дыбыс күшейткіш алдырып, үйінің алдына ән қосқан.
ERNUR.KZ Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен және 190-бабы 1-бөлігімен түскен қылмыстық іс қаралды, деп жазады kaz.inform.kz.
Оқиға өткен жылдың тамыз айында Сарыағаш ауданында болды. Сотталушы заңды некедегі күйеуімен қарбыз жеп отырып, мойын тұсына пышақ сұғып алған. Жерге құлап мойнынан қан атқылап жатқан жұбайының ішіне пышақ тығып, жерде жатқанда таспен бірнеше рет басынан ұрған.
Бұл іске күйеуінің «Тик-ток» желісіне кіруге шектеу қоюы және сол себепті болған жанжал негізгі себеп болған.
Сотталушы қылмысын жасыру үшін көршісінің үйінен дыбыс күшейткіш алдырып, үйінің алдына ән қосқан. Содан, жәбірленушінің денелерін бірнеше бөлікке бөлшектеп, оларды бөшкеге салған. Қылмыстық құқық бұзушылығын жасыру мақсатында таныстарының автокөліктерімен тасып, «Келес» өзеніне ағызып жіберіп отырған.
Сонымен бірге, сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық іс әрекетін әрі қарай жалғастыра отырып, жұбайына тиесілі автокөлікті танысына алдап 2 300 000 теңгеге сатып жіберген.
Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен және 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылған сотталушығы түпкілікті 15 (он бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленген. Сонымен бірге, сотталушының 14 және 12 жастағы балаларын қамқоршылылық немесе қорғаншылыққа беру мәселесін шешу үшін «Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-нің қамқоршылық немесе қорғаушылық функциясын жүзеге асыру органына жолдау туралы қаулы шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.