Шардара ауданы, Алатау батыр ауылының тұрғыны Камила Әлішерқызы ауыл балаларының зияткерлік қабілеті мен ойша есептеу қабілетін арттырып жүр.
Ол білімін кәсіпке айналдыру мақсатында мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алған. Қаржыға балаларға арналған менталды арифметика үйірмесін ашқан. Бүгінде кәсіпкер 5-13 жас аралығындағы 40-қа жуық оқушыға ментальді арифметиканы үйретуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Камиланың оқушылары облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып келеді. Ендігі кезекте оқушыларын Өзбекстан елінде өтетін халықаралық додаға дайындап жатыр. Ұстаздың айтуынша, сабақ арқылы балалардың ұсақ моторикасы дамып, зейіндері мен фотографиялық есте сақтау қабілеті артады. Одан бөлек, шығармашылық ойлау, байқампаздық, өз-өзіне сенімділік, нақтылық пайда болады.