Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 41 адамға жетті

0
1 283

Азаматтардың жаппай улануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 41 адамға жетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Азаматтардың жаппай улануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөліміне жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт әл-Фараби полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», делінген хабарламада.

Шымкент қаласындағы бір сауда нысанынан балмұздақ жегендер екі күн ішінде жаппай облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен түсті.