Шымкенттен Арысқа қатынау үшін жаңа жол салынып жатыр

0
1 834

Түркістан облысында мұндай жол жаңа техологияның көмегімен алғаш рет төселіп отыр.


Шымкенттен Арысқа қатынау үшін жаңа жол салынып жатыр

Енді Шымкенттен Арыcқа қатынау оңай болмақ. Бүгінде тікелей катынайтын тас жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz.

Жол құрылысына жауапты мердігер компания мамандарының айтуынша, жаңа технологиямен төселіп жатқан екі жолақты жол 120 тоннаға дейін салмақты көтеруге қауқарлы. Сондай-ақ, олар жолдың сапасына 5 жыл мерзімдік кепілдік беріп отыр. Жалпы, осы жылдың наурызында басталған жұмыс үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып қойыпты. Ал бұл жобаның жалпы сметалық құны – 1,3 млрд.теңгені құрайды.

Арман Әбдіхалықов, «Корпорация «Береке» ЖШС-нің маманы:

«Жолдың ұзындығы – 11 шақырым, ені – 8 метр болады. Қалыңдығы – 26 см. Ал сапасы – 3-деңгейлі жол. Түркістан облысында мұндай жол жаңа технологияның көмегімен алғаш рет төселіп отыр. Екі жағынан тағы да жолаяқтар үшін жер қалдырамыз».