Диас, Эльдар - бұл балалар экологиялық таза әрі хош иісті сабындар жасайды. Сабындар түрлі пішінде және ерекшелігі - бет терісін тарылтып, әжімдерді азайтады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Диас, Эльдар - бұл балалар экологиялық таза әрі хош иісті сабындар жасайды. Сабындар түрлі пішінде және ерекшелігі - бет терісін тарылтып, әжімдерді азайтады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Көбелек, гүлдер, тіпті, бетінде жазу жазылғандары да бар. Бағасы көлеміне қарай 300-700 теңге аралығында. Балалар сабындарға өз есімдерін жазып, тауар белгісін де ойластырып қойған.
Ал, Бексұлтан болса ұлудың бет терісіне пайдасы туралы ғылыми жоба жазып, тақырып аясында түрлі зерттеулер жүргізген. Тірі ұлулар муцинымен жақпамай құрамындағы муцинныңда айырмашылығын қарастырған.
№89 мектеп-лицейдің 2 «Ә» сынып оқушылары бұл жобаларын ата- аналары және жетекшілерімен бірлесе жүзеге асырады. «ОҚО тұрғындарының денсаулығын сақтау, нағайту саясатын іске асыру» форумы аясында өз жұмыстарын халық назарына қойған. Тіпті, бірнеше өнімдерін сатып та үлгеріпті.