​Сот жүйесін оңтайландыру үшін жаңа орталық ашылды

0
2 251

Мұның барлығы, жалпы алғанда, тараптарды татуластырудың, сотқа келушілерге жағдай жасау.


​Сот жүйесін оңтайландыру үшін жаңа орталық ашылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Сарыағаш аудандық сотында фронт-офис ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш аудандық сотының ғимаратынан фронт-офистің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара аудан әкімі Қ.Абдуалиев, аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов және аудандық соттың судьялары, АІІБ бастығы Е.Нұралиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Е.Жүнісов, аудан прокурорының орынбасары Б.Абдулахат, адвокаттар, зиялы қауым өкілдері, медиаторлар мен БАҚ өкілдері, аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Фронт-офисті ашудың мақсаты – азаматтардың сот қызметтерінің сапасына қанағаттанушылығының, халықтың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыру, сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мақсатты жүзеге асыру үшін зал халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталып, сотқа келушілер үшін қолайлы, жайлы жағдай қарастырылған. Фронт-офисте кезекші адвокат пен кәсіби медиатор тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Мұның барлығы, жалпы алғанда, тараптарды татуластырудың, сотқа келушілерге жағдай жасаудың негізгі тетігі.