«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Арыс өңірінде жоспар артығымен орындалды

0
1 574

Түркістан облысы, Арыс қаласында 2018 жылы 12 млрд. 521 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады.


«Сыбаға» бағдарламасы бойынша  Арыс өңірінде жоспар артығымен орындалды

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласында 2018 жылы 12 млрд. 521 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласында ағымдағы жылы егіс егу жоспары 22900 га ал нақты егілгені 27676 га немесе 120,9 пайызды құрап отыр. Ал, жылыжай шаруашылықтарын дамыту жылыжай салу жоспары 6 га, орындалғаны 6,1 га, немесе 101,6 пайызды құрап отыр. Тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырма 900 га, орындалғаны 905 га, немесе 100,5 пайызға орындалды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара мал алу тапсырмасы – 600 бас, алынғаны – 693 бас немесе 115,5 пайызды құрады.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой алу тапсырмасы – 1002 бас, алынғаны – 1200 бас немесе 119 пайызды құрады.
«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу тапсырмасы – 167 бас, алынғаны – 175 бас немесе 104 пайызды құрады.
Мал бордақылау алаңдарын салу, жанұялық сүт және құс фермаларын салу тапсырмалары толығымен орындалды.
Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінде Саналы бөлімшесінде «Желмая» АШӨК-і түйе сүтін өндірумен айналысуда. Күніне 500 литрден 1,5 тоннаға дейін шұбат өндіріледі. Олар бөтелкелерге құйылып Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберілуде.
2019 жылы түйе сүтінен йогурт өнімін өндіру және сауынды түйелерін 400 басқа дейін арттыру жоспарлануда.
Мал басы және мал өнімдері барлық түрінен артқан.
«Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақдала ауылдық округінен құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын асыл тұқымды үндік балапанын шығаратын құс фабрикасын салуды жоспарлауда. Жобаның қуаттылығы 1817 мың дана жұмыртқа шығарып, 70 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Қожатоғай ауылдық округіндегі үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамада.
Алдағы жылдары суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында ауылдық округтер бойынша қосымша ұлғаятын суармалы жердің көлемдеріне талдау жасалынып, төмендегі жобалар анықталды.
«Көксарай» су реттегішінен су сорғыш қондырғылары арқылы суармалы жерлердің көлемін 3700 гектарға ұлғайту жобасының техника-экономикалық негіздемесі 2 млрд. 405 млн. теңгеге дайындалды.
Су нысандары түсетін құрылыстың астындағы 30,3 гектар жер «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілді.
Көксарай су реттегішіне су жеткізіп беруші каналдың аумағынан 4000 гектар суармалы жер көлемін ұлғайту мүмкіншілігі бар, ол үшін, су сорғыш қондырғылары арқылы 2 қатарлы құбырлар арқылы егістік сумен қамтамасыз етілетін болады.
Дермене ауылдық округіндегі «Саналы» каналын күрделі жөндеуден өткізу арқылы 550 гектар суармалы жерді қайта айналымға қосуға және сиымдылығы 1 млн. текше метрлік тоған салу арқылы суармалы жердің көлемін 1950 гектарға ұлғайту мүмкіндігі бар.
3-К-3 каналын тармақтарымен қайта қалпына келтірудің нәтижесінде барлығы 1330 гектар, оның ішінде: 600 гектар суармалы жер көлемі ұлғайып 730 гектар жер қайта айналымға қосылатын болады.
Жиделі ауылдық округінде орналасқан 3-К-3, 3-К-2 және 3-К-1 каналдарын күрделі жөндеу үшін, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ЖСҚ жасалған. Жобаның сметалық құны 1 млрд. 469 млн. теңге, жоба сараптамадан өткен. Жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда 1731 гектар жер қайта айналымға қосылатын болады.