Аталған іс-шараға шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған аудандағы үлгілі, тәрбиелі отбасы бола білген ата-апалар қатысып, жаңадан шаңырақ көтерген жас обасыларға өздерінің тәрбиелік сөздерін айтып баталарын берді.
Түркістан облысы, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ қызметінде некелесуші жастар А.Ергеш пен А.Шмадияр, Ғ.Қамбаров пен А.Мусатайға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында салтанатты түрдегі неке қию куәлігі табыс етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Куралбаева осы өткізілген шарада неке қию куәлігін табыс ете отырып, одан әрі құттықтау сөзімен қатар, некелесуші жастарға заңмен белгіленген нысандағы салтанатты неке қию рәсімінің өткізілу маңыздылығы мен болашақ жетіліп келе жатқан жастардың бойынан еліне деген патриоттық сезімін оятуға және мемлекеттік рәміздерді сыйлауға шақырды.
Сондай-ақ, қоғамда отбасы әрқашан рухани және мәдени салт-дәстүрді сақтаған әртүрлі ұрпақтарды жалғасытырушы екендігін және Отанға деген махаббат отбасынан басталатындығын, туған шаңырағыңда алған тәрбие-бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі бүгінгі уақыттағы шаңырақ құрушы жастардың отбасылығын нығайтуға себеп болатындығына түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған аудандағы үлгілі, тәрбиелі отбасы бола білген ата-апалар қатысып, жаңадан шаңырақ көтерген жас обасыларға өздерінің тәрбиелік сөздерін айтып баталарын берді. Адамгершілік құндылықтар мен берік отбасылық дәстүрлерді жалғастырып келе жатқан қариялар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерексі қарсаңында, Келес ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Дереккөз: Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі