«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қазығұрт ауданында қарқынды жалғасын тауып жатыр.
Қазығұртта 700-ден астам адам тазалыққа үлес қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының бастамасымен республика бойынша ұйымдастырылып отырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қазығұрт ауданында қарқынды жалғасын тауып жатыр.
Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың ұйымдастыруымен таңсәріден 700-ден астам қазығұрттық тұрғын атаулы экоакция аясында аудан аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар «Алматы - Термез» (738,0 – 787 аралығы 49,0 шқ) автожолының бойында санитарлық тазалау, шөп ору, ағаштардың түптерін әктеу, бұтау жұмыстарын жүргізуде. Экологиялық акцияға қатысушылардың құрамында барша ауыл округтен келген мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен ауданның басқа да тұрғындары бар.
Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға қатысты Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «Алдымен экология, одан кейін өндіріс» деп халыққа үндеу жариялай отырып, «Өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды» екенін айтқан болатын.
2024 жылдың 8 сәуірінен бастау алған бұл акция барысында Қазығұрт ауданында күнделікті ауқымды істер атқарылуда. Атап айтқанда, қазіргі таңға дейін «Алматы-Термез» тас жолының бойы және 223 ішкі көше бойлары тазаланып, 138,9 шақырымдық облыстық маңызы бар жолдар және 160,3 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар (100%) тазаланды.
Аудан орталығы 21 секторға бөлініп 93 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. Жалпы 177,8 шақырымдық саны 5335көше жарықшамдары ретке келтірілді. 1050 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 69,5 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. 45 көпқабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіребестерді (подьезд) жиналды. Бұдан бөлек 10 үйлердің қасбетері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 60 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, аумағы 10,1 шақырымды 4 скверлер және 18,2 шақырым болатын 4 саябақ тазалану жұмыстары жүргізіліп, 58 дана жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына осы күнге дейін 12 365 адам қатысып, 55 техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы сенбілік барысында:
«Мұның баршасы “Адал адам –Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар. Сондықтан, барша тұрғындарды ауданымыздың көркеюі үшін республикалық тазалық акциясына белсене қатысуға шақырамын», - деп экологиялық акцияға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтып, тұрғындарға үндеу жасады.
Атаулы экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.