«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сарыағашта тазалау жұмыстары жүргізілді

0
501

13 ауылдық округпен қала, бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер белсенді қатысты.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сарыағашта тазалау жұмыстары жүргізілді

Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» акциясының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік өтті.


Шарада республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.


Сенбілік жұмыстарына 13 ауылдық округпен қала, бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер белсенді қатысты.


Тазалық акциясы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, шөптерді ору, қураған ағаш бұтақтарын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.


Жалпы 11 техника жұмылдырылып, 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды.


Одан бөлек, ауданның белсенді жастары экоакция аясында Қапланбек ауылдық округ аумағынан өтетін Келес өзені бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.


Жастар өзен бойына бей-берекет тасталған қоқыстарды жинап, шығарды. Жалпы тазалық акциясына 60-қа жуық аудан жастары атсалысып, 30-дан астам қап қоқыс шығарды.