«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында 23,5 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды

0
306

14315 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында 23,5 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» іс-шарасында 23,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, облыс аумағында қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" бағдарламасы жалғасып келеді.


Бүгінгі таңда Түркістан облысы ПД-нің аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері белгіленбеген жерлерде қоқыс шығару фактілерін анықтау, полигондардан тыс сұйық қалдықтардың төгілуін болдырмау, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.


"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 14315 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны және жасыл желектерді бүлдіргені үшін 5337 адамға ескерту жасалды, ал 230 адамға қатысты айыппұл салынды. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдану фактісі бойынша 3777 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.


Бұдан бөлек тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, халық арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.