«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістандағы сенбілікке 700-ге жуық адам қатысты

0
551

5 аумаққа бөлініп жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 13 техника жұмылдырылды.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістандағы сенбілікке 700-ге жуық адам қатысты

Түркістан қаласында өткен сенбілікке 700-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығындағы әуежайға баратын жол, Шымкент тас жолы, айналма тас жолдарының бойындағы қаулаған шөптер шабылып, күл-қоқыстан тазаланды. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 6 сектор мамандары, қала тұрғындары, белсенді азаматтар мен қала еріктілері қосылды.


5 аумаққа бөлініп жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 13 техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына 700-ге жуық адам қатысты.


Тазалық акциясының мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениет қалыптастырып, отаншылдыққа тәрбиелеу.