«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістандық музей қызметкерлері зейнеткердің ауласын тазалап берді

0
336

Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын жүргізді.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістандық музей қызметкерлері зейнеткердің ауласын тазалап берді

Мақтааралдағы музей қызметкерлері зейнеткердің ауласын тазалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында «Таза Қазақстан» шаралары өткізіліп келеді. Осы мақсатта Мақта шаруашылығы тарихы музейінің қызметкерлері Мақтаарал ауданының зейнеткері, ұстаз Жанаркүл Шағырбаеваның үйіне барды. Сенбілік ұйымдастырып, ауласын тазалады. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын жүргізді.


Негізгі мақсаты – ардагерлерді құрметтеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Жалпы сенбілік шаралары қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға, тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуға шақырады.


Айта кетейік, Мақта шаруашылығы тарихының музейі еліміздегі бірегей әрі қызықты музейлердің бірі. Оның географиялық орналасу жері, құрылу тарихы мен біржақты тақырыптық бағыттылығы басқа музейлерден ерекше етіп жасалған. Ең көне музейлердің қатарына жататын музей ғимараты 1930 жылы тұқым шаруашылығы зертханасы ретінде салынған.