Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 802,4 млрд теңгені құраған.
Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«10 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 662,4 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 83 пайызын құрайды», - деді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 802,4 млрд теңгені құраған.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді А.Асанұлы.
Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 642-сі – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 128,1 млрд теңгені құрады.
Дереккөз: «Әлеуметтік медициналық сақтандыры қоры» КЕАҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы