Тіпті эстрадамыздың шоқ жұлдызы кентаулық жас әншіге кастюмін сыйға тартқан көрінеді
14 жасар Кентау қаласының тұрғыны Бақытжан Тоқтасынов,Алматы қаласында жеке концертін берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Көптеген халықаралық байқалуардың жеңімпазы атанып, жүлде алып жүрген Бақытжан Тоқтасыновтың бүгінде 13 авторлық әні бар. Жуырда ол туған жері Кентау қаласында және Алматыда жеке концертін берді. Жас әншінің концертіне елімізге танымал өнер адамдары қонақ болып қатысып, өнер көрсетті.
Сондай-ақ Бақытжан, Төреғали Төреәлінің ақ батасын алыпты. Тіпті, эстрадамыздың шоқ жұлдызы кентаулық жас әншіге кастюмін сыйға тартқан көрінеді.