Мұқтаж отбасылардың, әкесінен айырылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға берілді.
Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы мен «Үлес» қайырымдылық қорының үйлестіруімен 140 балаға жаңажылдық сыйлықтар тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы мен «Үлес» қайырымдылық қорының үйлестіруімен 140 балаға жаңажылдық сыйлықтар тапсырылып, мерекелік тәттілер үлестірілді. Игі іс-шараға Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі мен облыстық мәслихат депутаты Насиба Атаева да үлес қосты.
Мерекелік іс-шарада мұқтаж отбасылардың, әкесінен айырылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік сыйлықтар берілді. Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов балаларға батасын беріп, бастамаға қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын жеткізді.
Айта кетейік, «Үлес» қайырымдылық қорының басшысы Райымжан Қошқаровтың айтуынша, іс-шарада Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданының балаларына қолдау көрсетілген.