Тұрғын үй аумағында балалардың ойын алаңшасы, автотұрақ қоса салынатын болады.
Биыл 150-ге жуық жетісайлық отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданында «BinazarGroup» ЖШС есебінен 54 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Жоспарға сәйкес, қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Тұрғын үй аумағында балалардың ойын алаңшасы, автотұрақ қоса салынатын болады.
Қос үйдің құрылысы аяқталған соң 54 пәтерді аудан әкімдігі сатып алып, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға үлестіреді.
Бұдан бөлек, биыл жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 3 тұрғын үй азаматтарға табысталған. Сонымен қатар, жақын күндері сатып алу құқығынсыз тағы 90 арендалық тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр.