ТҮРКІСТАН: 17 қыркүйекте бірнеше аумақта жол қозғалысы шектеледі

0
1 136

«Түркістан Антитеррор – 2021» шартты атауымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.


ТҮРКІСТАН: 17 қыркүйекте бірнеше аумақта жол қозғалысы шектеледі

Түркістан облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылғы 17 қыркүйекте Түркістан облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Түркістан қаласының аумағында «Түркістан Антитеррор – 2021» шартты атауымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізеді.


Оқу-жаттығудың мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған.


"«Түркістан Антитеррор -2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында жеке құрам мен арнайы техниканың едәуір бөлігі тартылды. Қала аумағының жекелеген аудандарында қозғалысты шектеуге байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз"
, делінген облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарламасында.