ТҮРКІСТАН: 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалды

0
582

23 207 бала бюджет есебінен тегін демалды.


ТҮРКІСТАН: 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалды

Түркістан облысында биыл 17 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2022-2023 жылында жалпы жазғы сауықтырумен 200 мыңнан астам бала қамтылған. Жалпы облыста биыл 17 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетті. Оның 7-уі мемлекеттік, 10-ы жекеменшік. Қала сыртындағы лагерлер – 41 597 балаға, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 балаға ұйымдастырылды. Бұл 37%-ды құрайды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалды.


«Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен (Түлкібас ауданында орналасқан «Арман», «Ерке» лагерлерінде) тегін қамтылды. Сондай-ақ мектеп жанындағы бір реттік тамақпен қамтитын – 330 лагерь (19 800 бала қамтылды), 580 ойын-сауықтыру алаңшалары (23 200 бала қамтылды) балалар үшін тегін қызмет көрсетті.


Қала сыртындағы лагерлер 2022-2023 оқу жылында маусым айынының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетті. Бірінші ауысым ағымдағы жылғы 3 маусым күні басталған. Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалыстарын сонда өткізді.


Ал 2023 жылы 1050 бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қала сыртындағы лагерлерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 52,0 млн. теңге қаржы қаралған. Айта кетерлігі, бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңгені құрады.


Түркістан облысы бойынша жазғы сауықтыру лагерлері соңғы лекті қабылдады. Жаз бойы онда ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру» оқу-әдістемелік орталығының «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жаздық іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» мекемесі бірқатар шаралар ұйымдастырып, оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдаланды.