ТҮРКІСТАН: 40 жастағы батыр ана 11-перзентін дүниеге әкелді

0
1 770

Орталықтағы дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады.


ТҮРКІСТАН: 40 жастағы батыр ана 11-перзентін дүниеге әкелді

Түркістан облысында 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады.


Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі дейді дәрігерлер.


Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21жаста. 11-ші перзентін келіншек Мұстафа деп атапты.


Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.