ТҮРКІСТАН: 800-ге жуық бала жазғы лагерьде тегін демалады

0
1 679

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары үшін жолдама тегін берілген.


ТҮРКІСТАН: 800-ге жуық бала жазғы лагерьде тегін демалады

Түркістан облысындағы демалыс лагері биыл 760 балаға демалыс ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагері биыл 760 балаға демалыс ұйымдастырды. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі ММ-не қарасты «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК-ның теңгеріміндегі Балалардың жазғы сауықтыру лагері Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі «Құшата» елді мекенінде орналасқан.


Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары үшін жолдама тегін берілген. Жалпыға міндетті білім беру қорынан тегін жолдамамен келген балалар 5 ауысымда, әр ауысым бойынша 152 баладан демалады. Демалыс орындарында барлық карантин режимінің талаптары қадағаланып, індет таралуының алдын алу мақсатындағы жұмыстар ұйымдастырылды.


Былтыр пандемияның салдарынан еліміздегі жазғы лагерлердің басым бөлігі жабық тұрды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың өмірі мен денсаулығы ең басты алғы шарттар. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала сыртындағы балалар лагерлері мен базаларына қабылдаудың негізгі шарты – балалар мен қызметкерлер үшін ПТР тестілеу нәтижесі. Лагерлердің толымдылығы өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайымен айқындалады.