ТҮРКІСТАН: Абай шығармаларын насихаттауға арналған онкүндік жалғасуда

0
320

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы тамыз айының басында «Абайды оқы, орында» атты әдеби іс-шаралар онкүндігін бастаған болатын.


ТҮРКІСТАН: Абай шығармаларын насихаттауға арналған онкүндік жалғасуда

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Абай шығармаларын насихаттауға арналған онкүндік жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Биыл еліміз бойынша ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 179 жылдығы аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Абай күні қарсаңында Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасытамыз айының басында«Абайды оқы, орында» атты әдеби іс-шаралар онкүндігін бастаған болатын.


Алтыншы күнінде Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, аудан, қалалардан келген 8-14 жас аралығындағы оқушылармен «Біз Абайды білеміз бе?» викториналық ойыны өтті. Ойынға балалар белсенді қатысып, Абай жайлы сұрақтарға жарысa жауап берді. Шара соңында балаларға кітапхананы таныстыру мақсатында экскурсия жүргізілді. Белсенді оқушыларға «Абайдың қара сөздері» жинағы және заманауи комикс кітаптар сыйға тартылды.


Онкүндік барысында кеңейтілген кітап көрмесі, әлеуметтік желілерде танымдық сауалнама, викториналық сұрақтар, сурет байқауы, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айту сайысы сынды мазмұнды шаралар жоспарланған. Аталған іс-шара Абай ескерткішіне тағзым жасаумен қорытындыланбақ.