ТҮРКІСТАН: Әбдісалан Нұрмаханов атындағы халықаралық турнир өтті

0
588

Түркістан облысының 6 боксшысы ақтық сынға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады.


ТҮРКІСТАН: Әбдісалан Нұрмаханов атындағы халықаралық турнир өтті

Түркістанда Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ халықаралық турнир мәресіне жетті. Бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде сынға түсті.


Тартысқа толы өткен турнирде барлық командалар жоғары дайындықпен келген.


Жарыс қорытындысында Түркістан облысының 6 боксшысы ақтық сынға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады. Сонымен қатар, 3 күміс және 2 қола жүлде түркістандық боксшылар қоржынына түсті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Әбдісалан Нұрмахановтың жұбайы Күлбаш Шаймерденова, Түркістан кәсіпқой бокс клубының директоры, бокстан Әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов турнирдің үздіктерін құттықтап, арнайы тағайындалған медальдар, белбеулер және алғыс хаттармен марапаттады.