​ТҮРКІСТАН: «Адам және табиғат» атты экологиялық фотокөрме өтті

0
1 932

Көрмеге 1000-нан астам қала тұрғындары, басқарма мамандары, туристер қатыстырылды.


​ТҮРКІСТАН: «Адам және табиғат» атты экологиялық фотокөрме өтті

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі мен «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің ұйымдастыруымен «TURKESTAN MEDIA» орталық алаңында «Адам және табиғат» экологиялық эстафеталық фотокөрме өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фотокөрмеге түрлі сала бойынша жауапты мамандар қамтылып, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің, білім басқармасыныңжауапты мамандары фотокөрмені қала тұрғындарына, экскурсияға келген мектеп оқушыларына, Қ. А. Яссауи кесенесіне келген туристерге таныстырды. Көрмеге 1000-нан астам қала тұрғындары, басқарма мамандары, туристер қатыстырылды.

Облыс орталығынан бастау алған фотокөрме барлық елдімекендерде адамдар үшін салауатты, экологиялық таза, қауіпсіз және әлеуметтік жағымды ортаны қалыптастырып, алдағы уақытта барлық аудан, қала көлемінде бекітілген кестеге сәйкесэкологиялық эстафеталықфотокөрме өз жалғасын табады.

Айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін Бүкіләлемдікқоршаған ортаны қорғау күнінің басты мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көзінің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді» дей отыра еліміздегі экологиялық апат, ысырапшылдық нәтижелерін атап өтіп, «осының бәрі-жерге немқұрайлық қараудың ащы мысалы» деп көрсеткен болатын.