ТҮРКІСТАН: Әділет департаменті 3 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

0
373

Ал заңды тұлғаларға облыс көлемінде 1 542 мемлекеттік қызмет көрсетілген.


ТҮРКІСТАН: Әділет департаменті 3 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Түркістан облысында әділет департаменті 3 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы брифингте Түркістан облысының Әділет департамент басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді. Спикердің айтуынша, департамент өткен жылы азаматтарға 3 025 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ал заңды тұлғаларға облыс көлемінде 1 542 мемлекеттік қызмет көрсетілген.


«Департамент құзыретіндегі қызметтің бірі - алимент өндіру. 2023 жылы аталған салада 27 270 атқарушылық құжат болса, оның 4 447-і былтыр толық орындалды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының ұсынысы бойынша 3 айдан астам берешегі бар 81 борышкер жұмысқа орналасты. Борышкерлердің мүлкін тәркілеу бойынша 302 құжат рәсімделді. Сондай-ақ, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу бойынша да 26 іс толық іске асты. Ал жалақыдан өндіру бойынша 17 құжат қаралып, 9 380 056 теңге өндірілді. 2023 жылы мемлекеттік сот орындаушыларымен мемлекет пайдасына 39 666 307 теңгеге атқарушылық санкция өндірілген»,- деді басқарма басшысы.


Бұдан бөлек, департамент нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 43 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1 нотариустың лицензиясы уақытша тоқтатылып, 1 нотариус лицензиясынан толық айрылған. Сондай-ақ, 17 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, департамент тарапынан 1 адвокаттың лицензиясы тоқтатылды.