ТҮРКІСТАН: Аппарат басшысы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады

0
271

Қабылдаулар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.


ТҮРКІСТАН: Аппарат басшысы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы тұрғындарды жеке қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.


Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.


Жеке қабылдауға келген тұрғындар спорт саласына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Мәселен, азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан облысы бойынша «ArtSport» жобасымен 16 мың баланы қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жаңа 350 өнім берушіден 872 өтініш түскен. Кәсіпкерге ақпараттық жүйеге түскен өтінімі белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты қайтарылғандығы түсіндірілді. Сонымен қатар аппарат басшысы жауапты сала басшыларына заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмысшы тобын құрып, спорт секцияларына мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды.


Еркеғали Әлімқұлов көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.