ТҮРКІСТАН: Арыс қаласына тағы бір ауыл қосылады

0
471

Көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін табады.


ТҮРКІСТАН: Арыс қаласына тағы бір ауыл қосылады

Түркістан облысындағы Сырдария ауылы Арыс қаласының құрамына өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған топ құрамына қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, қала прокуроры Талғат Сейдуалиевтің және қалалық әкімдік аппаратының дербес бөлім басшылары Сырдария ауылы ақсақалдарымен С.Адамбеков жалпы орта мектебінің мәжіліс залында жүздесті.


Басқосуда қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жиынға қатысушыларға барлық мұң-мұқтажын тыңдауға, түйіні шешілмеген мәселелерді көзбен көруге арнайы келгендігін жеткізді. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары жол, ауыз су, жарық мәселелері жыл сайын оң шешімін тауып жатқындығын, бірақ бірқатар мәселелердің түйіні тарқатылмай тұрғандығын жеткізді.


Мәселен, ауыл тұрғыны Н.Исаев бұрын шағын орталық болған, ал қазір бос тұрған ғимаратты жергілікті әкімшілік балансына берілсе деген ұсынысын жеткізді. Қала әкімі сол мезетте-ақ қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына аталмыш мәселені шешуді тапсырды. Сол сияқты жайылымдық жерлердің тарылып кеткендігі де жиында айтылған негізгі түйіннің бірі болды. Бұл мәселеге ауыл тұрғындарының игілігі үшін 800 гектар жер жайылымдық жер үшін пайдаланылатындығы айтылды.


Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары құм артқан жүк көліктерінің ауыл көшелерінен өтпеуін, кейбір асфальт төселмеген көшелердің жөнделуін және жол бойына тал егіп, соны күтіп-баптап отырған азаматқа қолдау көрсетіп, оны әкімдік деңгейінде марапаттау жайы сөз болды. Оған қоса, балалардың ойын алаңқайлары салынса, ауылдық клуб бой көтерсе деген ұсыныс-тілектерін білдірді.


Жиын соңында қала әкімі Гүлжан Мамытқызы сырдариялықтарды жуырда Арыс қаласының құрамына кіруі туралы мәселе облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатындығын жеткізді. Ауыл ақсақалдары бұл жаңалықтың, яғни Қожатоғай ауылық округіне қарасты Сырдария ауылы енді Арыс қаласына бағынысты мөлтекаудан болып өзгерсе көптеген әлеуметтік мәселелері өз шешімін табады деген оймен жақсы қабылдады.