Әртүрлі міндеттерді орындау үшін пайдалануға болады.
Арыс қаласына жаңа көпфункционалды жол техникасы әкелінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Арыс қаласына жаңа көпфункционалды жол техникасы әкелінді. Арнайы техниканың ерекшелігі– көпфункционалды, яғни жыл бойы әртүрлі міндеттерді орындау үшін пайдалануға болады.
Жазғы уақытта бұл техника көшелерді жуу және тазалау жұмыстарын атқарады. Қысқы кезеңде қар тазалау және мұз мен тайғаққа қарсы тұз, құм себу үшін қолданылады.
Әмбебап техниканы «Таза Қазақстан» акциясын қолдап келе жатқан «Kazakh Real Stroy» мекемесі арнайы әкелді.
Жаңа техника заманауи талаптарға сай жабдықталған және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстауда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде техника қала көшелерін жуу жұмыстарына кіріскен. Оған сыйымдылығы 8 000 кубты құрайтын арнайы су жинағышы орнатылған. Әртүрлі бағытқа су шашатын екі шлангасы мен шаң-тозаң тазалайтын арнайы щеткасы бар. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын, 80 метрге дейін жоғары қысыммен су шашатын шланга орнатылған.
Ал қысты күндері алдына арнайы қар күреуге арналған тіркемесі орнатылады. Ал су жинау резервуары орнына құм мен тұз салуға арналған тірекке ауыстырылады.
Мекеме мамандары жаңа техниканың қала жолдардың қауіпсіздігі мен тазалығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта бұдан да көлемі үлкен техникаға алдыру жоспарлап отқандарын жеткізді.
Басты мақсат – Арыс қаласының инфрақұрылымын жақсарту және оны тұрғындары үшін барынша қолайлы ету.