ТҮРКІСТАН: Арыста әлеуметтік ет дүкен ашылды

0
1 031

Нарық бағасынан 15-16%-ға төмен бағамен халыққа ұсынылуда.


ТҮРКІСТАН: Арыста әлеуметтік ет дүкен ашылды

Арыста ет өнімдерін арзан бағада сататын әлеуметтік дүкен ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен орталық базар аумағында кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Сейілхан Кенжебековтің бастамасымен ет өнімдерін арзан бағада саудалайтын әлеуметтік дүкен ашылды.


Мұнда ет өнімдері халыққа қолжетімді бағада үйлестіріп отыр. Яғни, сиыр мен қой еті, және олардан жасалынатын тартылған ет (фарш) өнімі бірыңғай – 2150 теңгеден саудаланып, нарық бағасынан 15-16%-ға төмен бағамен халыққа ұсынылуда.


«Қала әкімдігінің ықпалымен ашып отырмыз. Дүкен сөрелеріне қойылған сиыр мен қой еті өзіміздің таза өнім. Себебі малдың бәрін өзіміз бордақылаймыз. Осы дүкен алдағы уақытта қала тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада ет өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізеді деп сенеміз», – дейді дүкен иесі.