ТҮРКІСТАН: Арыстағы жеміс бауына көшеттер отырғызылды

0
452

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жеміс бауы – алдағы уақытта барша арыстықтардың сүйікті бауына айналары сөзсіз.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы жеміс бауына көшеттер отырғызылды

Арыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жеміс бауына жаңа көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жеміс бауына жаңа көшеттер отырғызылды. Өткен жылы шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен құрылған жеміс бауы қалаға кіреберіс тұста, Арыс өзеніне жақын тұста орналасқан.


Бүгін «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлері 0,65 га аумаққа алма, өрік, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс ағаш көшеттерін отырғызуды бастады. Олардың өсіп-өнуі үшін бар жағдай жасалған. Ағаштарды күтіп баптау мақсатында автоматтандырылған суғару жүйелері орнатылып, су ұңғымалары қазылған. Жанында орналасқан өзен суынан қоректенуі де жеміс ағаштарының тез бой алып, өнуіне де септігін тигізбек.


Жалпы, Арыс-Шымкент, Арыс-Шардара тас жолы жиегін абаттандыру жұмысы бүгінде нәтижесін беріп келеді. Бір кездері жазық жатқан далаға жан бітіп, жасыл желек көз қуантуда.


Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жеміс бауы – алдағы уақытта барша арыстықтардың сүйікті бауына айналары сөзсіз.