Жиынға келген тұрғындар бұл жаңалықты жылы қабылдап, өз ризашылықтарын білдіріп, оң көзқарас танытты.
Арыс қаласының әкімі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Арыстағы қалалық мәдениет үйінде шаһар басшысы тұрғындармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады. Кездесу барысында өткен ғасырда пайдалануға берілген, көмірмен жанатын орталық қазандықтарды жаңа, табиғи газбен жұмыс істейтін модульдік қазандықтарға алмастыру жайы талқыланды.
Қала әкімінің айтуынша, бұрынғы орталық қазандықтар көмірмен жұмыс істеп, қала ауасын ластайтын әрі шығыны да аз емес болған.
«Бұған дейінгі көмірмен жанатын қазандықтар қала ауасына айтарлықтай зиян келтіріп, экологиялық жағдайға кері әсер тигізетін. Жаңа модульдік қазандықтардың артықшылығы — олардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық тазалығында. Табиғи газбен жұмыс істейтін бұл қазандықтар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам» - деді қала басшысы.
Жиынға келген тұрғындар бұл жаңалықты жылы қабылдап, өз ризашылықтарын білдіріп, оң көзқарас танытты.