ТҮРКІСТАН: Арыстық имамдар мен спортшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

0
169

Тазалық – иманнан деген қаламыздың бас имамы әр арыстық отбасы өз үй іргесін таза ұстаса, шөбін шауып, туған қаламызға жанашыр болуға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Арыстық имамдар мен спортшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Арыста мешіт имамдары мен спортшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдап сенбілік өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыста тазалыққа бағытталған сенбіліктер тұрақты түрде өтіп жатыр. Бүгін «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев бастаған мешіт имамдары мен қаламыздағы спорт жаттықтырушылар мен мәдениет майталмандары сенбілікке шықты.


Қала жанашырлары бірігіп Д.Қонаев аллеясы маңында және О.Байдәулетов көшесінің шөптерін шапты. Осылайша табиғатқа күтім жасаудың маңызды екенін көрсетіп, халықты экологиялық мәдениетке шақырды.


Тазалық – иманнан деген қаламыздың бас имамы әр арыстық отбасы өз үй іргесін таза ұстаса, шөбін шауып, туған қаламызға жанашыр болуға шақырды.


Осындай іс-шаралар жыл соңына дейін өткізілетін болады және қатысушылар саны арта түсетініне сенім мол. Бүгінгідей шараға мешіт имамдары мен спортшылардың белсене қатысуы қоғамның барлық саласының бірігіп, ортақ мақсатқа жетуге болатындығын көрсетті.


Өйткені «Таза Қазақстан» акциясы арқылы еліміздің әрбір тұрғыны табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны ластамауға және экологиялық мәдениетті арттыру – басты міндет.