Игі шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қаланың тазалығына үлес қосу.
Арыс қаласының жастары экологиялық акция аясында сенбілік өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Халықаралық жастар күні қарсаңында Арыс қаласының белсенді жастары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Теміржолшылар саябағында сенбілік ұйымдастырды. Сондай-ақ ауыл жастары мен мәдениет саласының майталмандары да тазалыққа атсалысты. Игі шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қаланың тазалығына үлес қосу.
Жастар тазалық барысында саябақтағы қоқыстарды жинап, ағаштардың түптерін әктеп, гүлзарларды суғарды. Халықаралық жастар күні – жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды мереке. Арыс қаласының жастары өздерінің ынта-жігері мен жауапкершілігі арқылы бұл күннің мән-маңызын айқын көрсетті.