ТҮРКІСТАН: «Әскери парадтта» күлкіге қалған жауынгерлер студент болып шықты

0
753

Желдің әсерінен әскери жүрістің тәртібін бұзуға мәжбүр болған.


ТҮРКІСТАН: «Әскери парадтта» күлкіге қалған жауынгерлер студент болып шықты

Түркістандағы стадионда түсірілген видеодағы әскерилер студент болып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желіде стадионда ту алып жүрген әскерилердің видеосы көптеп таралуда. Бұл келеңсіздік көпшіліктің күлкісін келтірсе, әскери өмірді көрген жандардың ашуын туғызған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасаған.

«ҚР XI жазғы универсиадасының ресми ашылу салтанаты Түркістан қаласындағы Түркістан Арена стадионынында өткізілген болатын», делінген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған іс-шарада ҚР Мемлекеттік Туын алып жүрген азаматтар кәсіби әскери қызметкер емес, студенттер. Сондай-ақ, саптық адыммен жүру кезінде қатты желдің салдарынан «әскери парадтың» жүрісі біркелкі болмаған.

Айта кетейік, Түркістан қаласында соңғы 3-4 тәулік бойы қатты жел соғып тұр. Сценарий бойынша ұзақтығы 150 метрдей саптық жүру кезінде желдің қатты соғуына байланысты студенттер әскери жүрістің тәртібін бұзуға мәжбүр болған.

Ал, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қатысы жоқ адамдарға арнайы белгілері бар әскери нысанды киімді киюге қолданыстағы заңнамада жол берілмейтінін атап өтті.