ТҮРКІСТАН: Әжелер арасында киіз басудан жарыс өтті

0
603

12 ауылдық округтен келген әжелер бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Әжелер арасында киіз басудан жарыс өтті

Түркістан облысында «Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы» атты байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Тәуәлсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы» атты байқау өтті. Аталған іс-шарада 12 ауылдық округтен келген әжелер бақ сынады. 3 топқа бөлініп, текемет басудың қыр-сырын көрермен алдында көрсеткен ардақты аналардың өнері қонақтарға қызықты болды. Жүлдегерлерді анықтау да қиын соқты. Себебі қатысушылардың қолынан шыққан киіздер өте әдемі шықты. Көрермен жастар ою-өрнекпен өрнектеген киізді дайындау оңай емес екеніне көз жеткізді.


Байқау қортындысы бойынша "Ең үздік қол өнер шебері" номинациясын "Дария толқын" әжелер тобы иемденсе, "Шебердің қолы алтын" номинациясы "Асыл әжелер" тобына бұйырды. "Асыл қазына әжелер" құрамасы "Өнерлі де, өнегелі әже" номинациясына қол жеткізді. "Көрермен көзайымы" сыйлығы Бабайқорған ауыл округі, Абай ауылынан келген Абдулаева Анаркүл мен Ескі Иқан ауылының шебері Усманова Карамхон әжелерге табысталды.