ТҮРКІСТАН: «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» байқауы мәресіне жетті

0
593

Қазылар алқасы үміткерлердің эпостық жырдың айту мәнеріне, жаттау қабілетіне, дауыс тазалығына, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне баса назар аударды.


ТҮРКІСТАН: «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» байқауы мәресіне жетті

Түркістан облысында жасөспірімдер мен балаларға арналған «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақ ауыз әдебиетінің эпостық жырлары мен қисса дастандарын жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Облыстың барлық аудан, қаласының дарынды мектеп оқушылары «Мұңлық-Зарлық» жырын жатқа айтудан бақ сынады.


Байқауда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, жыршы, термеші Әбдіғаппар Айдаров төрелік етті. Қазылар алқасы үміткерлердің эпостық жырдың айту мәнеріне, жаттау қабілетіне, дауыс тазалығына, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне баса назар аударды.


Әділ қазылар шешімімен бас жүлдені түркістандық Сембай Айару иеленді. Жүлделі I орын Отырар ауданынан келген Бабахан Кәусарға бұйырды. Ал Қазығұрт ауданынан Исахбай Әсет пен түркістандық Өтебек Аяулым II орын иегері атанды. Арыс қаласынан Сапарәлі Айым, Жетісай ауданынан келген Пердебай Інжу және Дүйсенбай Диана жүлделі III орынды қанжығасына байлады. Бұдан бөлек байқауда «Мұңлық-Зарлық» жырын жатқа айтудан үздік деп танылған қатысушы үміткерлерге арнайы жүлделер табысталды.


Айта кетейік, сайыстың негізгі мақсаты да қазақ халқының сан ғасы бойы бастан кешкен тарихын, батырлардың ерлігін, қазақ ауыз әдебиетінің тарихи, эпостық жырларын дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық шығармаларды халық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.