ТҮРКІСТАН: Биыл шардаралықтардың 98 пайызы табиғи газбен қамтылады

0
773

Республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген.


ТҮРКІСТАН: Биыл шардаралықтардың 98 пайызы табиғи газбен қамтылады

Шардара ауданында табиғи газбен қамту жұмыстары, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жергілікті тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында Шардара ауданындағы 10 ауылдық округте орналасқан 25 елді мекеннің 10-ы, Шардара қаласының 10 мөлтек ауданы көгілдір отынмен қамтылып, аудан тұрғындарының 78 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 98 пайызға жетеді деп жоспарлануда.


Сонымен қатар, Шардара ауданындағы Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық, Көксу және Қоссейіт елді мекендері мен Шардара қаласындағы 10 мөлтек ауданнан 65 711 тұрғын табиғи газбен қамтылған. Одан бөлек, қаладағы Абай, Қызылжар, Майқала, Ақбала және Төменгі тоғай шағын аудандары мен Тұрысбеков ауылдық округінің Шардара ауылына газ жеткізу жұмысына республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген.


Аталмыш жобаларды жыл соңына дейін аяқтап, аудандағы газ тұтынушылардың көрсеткішін 98 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал, газдандырылмаған Айдаркөл қашар және Қуан құдық елді мекендерін табиғи газ көзіне қосу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.